Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жазғы дәріс жүйелі аяқталды
13 маусым, 2019 жыл 297 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінде рамазан айының соңында бастау алған «Көңілді жаз - 2019» балаларға арналған діни сауат ашу курсы бүгін өз жұмысын нәтижелі аяқтады. Бас имам Қабылбек Әліпбайұлының бағытымен жүзеге асқан оқу-ағарту жұмысын ұстаз Асқаров Амангелді жүйелі түрде жүргізді.  Жүз елуден астам ер және қыз балалардан құралған топтарда «Мұсылманның білуі тиіс жайттар», «Араб әріптері», «Құранды үйренгім келеді» тақырыптарында дәрістер берілді. Күнделікті жеңіл тағамдар, сусындармен қамтамасыз етіліп, қызықты ойын-сауықтарға да уақыт бөлінді. Жазғы демалыстарын көңілді және ұтымды бастаған жасөспірімдер Алла үйінен рухани азық жинады. Сауат ашу курсында білім жетілдірген балаларға курс соңында сертификаттар мен сапалы ойыншықтар тарту етілді. Ендігі кезекте діни сауатын арттыра беремін ниеті бар балалар басқа уақытта да сабақтарын жалғастыруына мүмкіндік жасалған. 

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары