Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Деструктивті ағымдардан сақтану жолдары түсіндірілді
19 маусым, 2019 жыл 312 Басып шығару нұсқасы

Жуырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті қызметкерлеріне «Деструктивті діни жат ағымдардан сақтану жолдары» атты ақпараттық-түсіндіру жұмысы өтті.

  Кездесуге «Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастары проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ инспекторы Б.Күзекбай, Қарағанды облыстық «Әнет баба» орталық мешітінің наиб имамы, облыстық ақпараттық – түсіндіру тобының мүшесі Т. Ельмеев лектор ретінде қатысты.

Іс-шара барысында зайырлылық қағидаттары, дін саласындағы мемлекеттік саясатты, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, діни экстремизмнің алдын алу және радикалдық идеяларға қарсы иммунитетті қалыптастыру жөнінде түсіндірілді.

Кездесудің соңында дін мәселесіндегі сұрақтар туындаса 30-05-74 сенім телефонына және Республикалық антитеррорлық «110» қауырт желісіне хабарласу керектігі ескертілді.

 

https://kazislam.kz/%D0%B4%D0%B5%D1%81%D1%82%D1%80%D1%83%D0%BA%D1%82%D0%B8%D0%B2%D1%82%D1%96-%D0%B0%D2%93%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D0%B0%D1%80%D0%B4%D0%B0%D0%BD-%D1%81%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D0%BD%D1%83-%D0%B6%D0%BE%D0%BB/?lang=ru

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары