Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бас мүфти Венада өткен халықаралық конференцияға қатысты (ФОТО)
21 маусым, 2019 жыл 23 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Австрия астанасы Вена қаласында Қавказ мұсылмандары басқармасының ұйытқы болуымен өткен «Дінаралық, өркениетаралық ынтымақтастықтан жалпыадамзаттық тілектестікке дейін» атты халықаралық конференцияға қатысты.

Халықаралық шараның ашылу салтанатында Әзірбайжан Республикасы Президентінің қоғамдық-саяси мәселелер бойынша көмекшісі Әли Гасанов мемлекет басшысы Ильхам Әлиевтің конференция қатысушыларына жолдаған құттықтау хаты мен үндеуін оқып берді. Содан кейін «Жалпыадамзаттық сын-тегеурін» фильмі көрсетілді.

Мінберде сөз алған Қапқаз мұсылмандары басқармасының төрағасы Аллашүкір Пашазаде, KAICIID дінаралық, мәдениетаралық сұхбат халықаралық орталығының Бас хатшысы Фейсал ибн Муаммар, Адам құқығы және жаһандық сұхбат жөніндегі Женева орталығының атқарушы директоры Идрис Жезаири, Біріккен Араб Әмірліктері Президентінің Дін істері жөніндегі кеңесшісі Әли Абдурахман әл-Гашим, т.б. халықаралық ұйымдар, орталықтар мен мемлекеттік мекеме басшылары бүгінгі адамзат баласына төніп тұрған қауіп-қатерлерді алдын алудың тетіктері мен жолдары жайлы баяндама жасады.

Конференция соңында Вена декларациясы қабылданды. Декларацияда осы бағытта халықаралық форумдарды өткізіп тұрудың маңыздылығы, жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттаудың өзектілігі атап көрсетілген.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары