Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

НАИБ МҮФТИ АРЫСТА
01 шілде, 2019 жыл 259 Басып шығару нұсқасы

Бүгін ҚМДБ Төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай Тағанұлы Арыс қаласына арнайы келді. Алдымен жарылыстан зардап шеккен мешіттердің жай-күйімен танысты. Эпицентр маңайындағы тұрғындардың хал-жайын сұрасты.

Сондай-ақ, осы күні ҚМДБ мен аймақтық өкілдіктерінің ұйытқы болуымен жұртшылықтың жиып-теріп, тиеп жіберген бес керуені Арысқа жетті. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Маңғыстау, Атырау облыстарының азық-түлік, керек-жарақтары Арыс қаласының қабылдау базасына түсірілді. Барлық аманат Наурызбай Тағанұлының бақылауымен табысталды. Арыстықтар алғыстарын білдіруде.

Төраға орынбасары "Бекзат ата" мешітінде жергілікті мешіт қызметкерлерімен кішігірім кеңес өткізді. Бесін намазын жамағатпен бірге оқып, сабырлықтың сауабы жайлы насихат айтты. Апаттан зардап шеккен имамдардың отбасыларын зиярат етті.

https://www.muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары