Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағандыда мешіттер қатары артатын болады
12 шілде, 2019 жыл 86 Басып шығару нұсқасы

Бүгінде мешіт салу үдерісі Қарағанды өңірінде қарқынды дамып келеді. Бұл үрдіс елдің тыныштығы мен діни ахуалдың тұрақтылығымен жүзеге асып жатқан шаруалар. Қала іргесіндегі аймақтарда төрт мешіттің құрылысы қазіргі таңда қарқынды жүріп жатыр. Соның қатарында 15-ші торап тас жолы бойынан бой көтеріп жатқан 700 орынды мешітке арналған құрылыс нысаны. Осы құлшылық үйінің құрылысын жүргізіп жатқан «Аппаз» ЖШС, құрылыс компаниясының басшысы Мухтаров Қуантай есімді кәсіпкер азамат өз тәжірибесіне сүйене отырып мешіт нысанын барынша сапалы жүргізуде. Бұған дейін де бірнеше мешіт құрылысын қарқынды жүргізіп, ел игілігіне ұсынған кәсіпкер азамат мешіт құрылысын үстіміздегі жылдың аяғында бітіруді жоспарлап отыр. ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы, облыстық «Әнет баба» мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы өз ұжымымен және қала имамдарымен іргетасы қаланып жатқан құрылыс басында болып қайтты. Діни іс-шаралардың өз деңгейінде жүргізілуіне бағыт берумен қатар, шаруашылық істерді де назардан тыс қалдырмайтын өкіл имам мешіт құрылысының жүргізілу барысымен танысып, кәсіпкер азаматпен және жамағатпен сұхбат жүргізді. Жергілікті телеарна тілшілеріне мешіт салудың сауабы мен оған үлес қосудың екі дүниедегі нығметі, өңір бойынша мешіттердің атқарып жатқан игілікті істері турасында ақпарат берді. Мешіт имамдарымен бірге Жаратқаннан игілік пен жеңілдік сұрап, құрылыс басында дұға жасалды. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадисінде: «Кімде-кім Алланың разылығын көздеп жер бетінде мешіт салса, Алла Тағала оған жұмақтан бір үй салады», – делінген (Бұхари, Мүслим, Тирмизи, Ибн-Мәжә). Сондай-ақ, тағы бір хадисте: «Қандай да бір адамның мешітке қатысы барын көрсеңіз, оның мүмин болғанына куәлік етіңдер. Өйткені, Алла Тағала: «Алла Тағаланың мешіттерін тек Аллаға және ақырет күніне иман еткендер ғана салады», – деген», – дейді. Олай болса, Алладан сүйіншіленген сыйдан үміт етіп, қайырымдылық ниетпен мүмкіндікке қарай үлес қосамын деген жандар болса, көрсетілген мекен-жай арқылы мүмкіндік қарастырылған.

Kaspi Gold 5169 4931 8740 5231     

Счет: KZ 46551М129010907 KZT

 

Тел: 8702 055 55 59 ИИН 750 526 350 537

 

 

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі  

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары