Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Біліктілік пен бірлікті арттыру – басты мақсат
18 шілде, 2019 жыл 48 Басып шығару нұсқасы

 

Өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлының діни сауаттылықты арттыру барысындағы өңірге берген тапсырмасының аясында көптеген игі істер өз жалғасын тауып келеді. Дінге бет бұрып жатқан жастардың танымын алғашқы сәттен бастап сауатты және саналы түрде қалыптастыру бүгінгі уақыт талабы. Осы тұрғыда Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітіндегі діни-танымдық және оқу-ағарту бағытындағы іс-шаралар белсенді жүргізіліп отыр.  Жазғы демалыс кезеңдерінің уақытын тиімді пайдалануды басты мақсат еткен бас имам Қабылбек Әліпбайұлы «Дін – насихаттан тұрады» деген қағиданы күнтәртібінен түсірмей аптаның сейсенбі күні асыр намазынан соң «Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны» жайында толық нұсқадан және бейсенбілік кешкі дәрісте «Фиқһ және шариғат негіздері» тақырыбында жамағатқа дәрістер өткізіп келеді. Дәрістер соңынан діни өзекті сауалдарға қатысты сұхбат уақыты бөлінген. Бас имамның дәрістеріне жүзден астам жамағат тіркелген. Осының нәтижесінде жамағаттың діни тұрғыдағы сұранысын қанағаттандыру  және дін қызметкерлері мен жамағат арасында байланыс орныққан. Сонымен қатар, мектеп жасындағы балалар мен ересектерге арналған күндізгі және кешкі бөлімдегі діни сауат ашу курсында наиб имамдар мен ұстаздар тұрақты түрде Құран сүрелері, тажуид, ақида, араб әріптерінен дәрістерді жүргізіп отыр. Дәрістерге мешіттің шаруашылық бөлімінің қызметкерлері де қатысады. Асыл дінімізді мешіт имамдары мен ұстаздарынан танып білудің маңызы өте зор. Діни көзқарасы мен танымы дұрыс түсінікпен қалыптасқан адамның өмірлік ұстанымы да қоғамнан бөлектенбейді. Шәкірттер мен жамағаттарға мұсылман арасындағы бауырмалдық мен өзара тұтастықты арттыру үшін  спорттық шаралар мен көңілді серуен ұйымдастыруды мешіт ұстазы Асқаров Амангелді өз міндетіне алған. «Бақыт қайда барасың? - дегенде, бірлігі мен ынтымағы берік орныққан жерге барамын» деген даналық сөзді амалға асырып жатқан «Әл-Машани» мешітіндегі тағылымдық іс-шаралар алдағы уақытта да мұсылман жұртының ықыласына бөлене бермек. 

 

 

 

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің баспасөз қызметі  

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары