Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жабайы аң имамның намазына қосылып, жұртты таң қалдырды(фото)
22 шілде, 2019 жыл 44 Басып шығару нұсқасы

 

 

Алланың құдіретінде шек жоқ.  Бүкіл ғалам мен адамзатты жоқтан бар еткен Ұлы Алла Тағала барлық нәрсеге күші жетуші, аса құдірет иесі. Мүмікн еместі мүмкін ететін де Хақ Тағала!  

          Әрине, барша мұсылман тілімен Алланы зікір етіп, Оның құдіретіне күдіксіз иланатыны сөзсіз. Алайда,  Жаратушы  Жаппар иеміздің құдіретіне көзбе- көз куә болып, таңғажайып құбылысқа тап болу  кез келген мұсылманның басынан өте бермейтін жәйт.  Осындай оқиға Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің  наиб имамы Нұржан Құлмағанбетовтың  басынан өткен. Сапарда жүрген дін қызметкері, намаз уақыты келген уақытта  жолдың жиегіне тоқтап  құлшылығын өтеуге кіріскен. Сол-ақ, екен қасына жабайы дала қасқыры кезігіп, жайнамазына жайғаса кеткен. Әдеттегі жыртқышқа тән қасетті көрсетпеген қасқыр жарықтық жайнамаздың үстінде біраз уақыт бірге отырған соң, өз жөнімен кеткен.

"Намаз оқып жатқан кезімде қасыма келді. Намаз біткенше күтті. Ол ит па қасқыр ма өзім нақты білмеймін. Ең бастысы - жыртқыштың ғибратқа келуі болды. Қасыма отырып намазға қатысты. Дұға қылып жатқанымда ол қарап тұрды. Осының барлығы елге ғибрат па деп ойлайсың. Жыртқыштың өзі Алланың барын біліп, құлшылыққа келіп тұр", - дейді "Бала Қажы" мешітінің наиб имамы Нұржан Құлмағанбетов.

Оқиға жөнінде әркім әртүрлі пікір білдіріп, өздерінше баға беруде. Десе де, ақиқатын Алла білуші.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары