Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Стамбулдағы алып мешіттің құрылысы қашан аяқталатыны белгілі болды
22 тамыз, 2019 жыл 13 Басып шығару нұсқасы

Стамбул қаласының Бейоглу ауданының басшысы Иса Татлыджан жақында тілшілер қауымына Таксим алаңында салынып жатқан алып мешіт жобасы жайлы ақпараттермен бөлісті.

Айта кетейік, Стамбулдағы Таксим алаңы мен Истикляль көшесінің бойында 2013 жылы Түркия президентінің шешімімен үлкен мешіт және Ататүрік атындағы мәдениет орталығының құрылысы басталған болатын.

Жоспарда көрсетілгендей, опера, театр және кинотеатр кешендері орналасқан мәдениет орталығы келесі ашылатын болмақ. Осыған байланысты, «Таксим» мешітіндегі алғашқы намаз да 2020 жылдың алғашқы айларында оқылуы тиіс.

Иса Татлыджанның айтуынша, құлшылық ордасына келуші жамағат ол жерде тек ғибадат жасап қана қоймай, шығармашылық пен өнер туындыларымен таныса алатын болмақ. Мешіт кешенінде шеберханалар мен көрме залдары да болмақ.

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары