Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Өкіл имам кенші қарияға қамқорлық танытты
27 тамыз, 2019 жыл 36 Басып шығару нұсқасы

Хадисте «Әлсіздерге, науқастарға, қарттарға және кішілерге мейірімділік көрсетіңдер» дейді. Ия, өмір оты ерте өшірілмесе, адам баласының қартаюы табиғи заңдылық. Қарттардың тілегі – ел амандығы, жұрт тыныштығы. Олар бүгінгісін ғана ойламайды, өткен өмір жолын зерделеп, алдын болжауға тырысады. Қарттар – кісіліктің төресі. Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау деп тәлім берген ата-бабаларымыздың жолы баршамызға өнеге. Осы орайда Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы ұзақ жылдар кенші болып адал еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан соң Алла үйінде дін жанашыры, мешіт жамағаты болған қарияның отбасында болып қайтты. Сырқаттанып қалған қарияның көңілін сұрап, сырлы сұхбат жүргізіп, немерелеріне «Зекет» қорының атынан мектеп жабдықтары мен азық-түлік тарту етті. Халқымыз – «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса,  егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық  жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Қамкөңіл қария бас имам Өмірзақ Қазкенұлына риясыз разылық танытып, алғысы мен батасын білдірді. Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші және жақсылықтың бастауы. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, көптің  жүгін көтерген адамдарға немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.

 

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің баспасөз қызметі  

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары