Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ұрпақ тәрбиесі - ұлағатты жолға бастайды
06 қыркүйек, 2019 жыл 551 Басып шығару нұсқасы

Жаратушымыздың сыйымен адамзатқа өмір сыйлап, бізді жарық дүниеге әкеліп, одан кейін аналық мейірбандықпен тәрбиелеп, қамқорлық танытатын және бізді өздерінен де артық жақсы көретін жандар – біздің ата-анамыз. Ақиқатқа бастайтын асыл дініміз өмірдегі аса қадірлейтін адамдарымызбен қарым-қатынасымызды арттыруға шақырады. Шариғатымыз көрсеткен қағида бойынша ата-ананың өз перзентінің алдындағы міндеттері болғаны сияқты, перзенттің де ата-анасының алдында да өзіне тән міндеттері бар. Ата-анаға құрмет көрсету - ұрпақ міндеті. Осы негізде Қарағанды қалалық "Әл-Машани" мешітінде алтын уақыттарын Алла жолындағы білімге арнап жүрген абзал аналармен бас имам Қабылбек Әліпбайұлы бас қосып, ұрпақ тәрбиесі мен ұлт мүддесі жайында насихат жүргізді. Қандай кезең болмасын тәрбие мәселелері назардан тыс қалмауы қажет. Бала тәрбиесі - мұсылманның аса маңызды міндеттерінің бірі. Қай халық болмасын болашағын өзінің ұрпағымен тікелей байланыстырады. «Адамның бір қызығы бала деген. Баланы медресеге біл деп бердім, қызмет қылсын шен алсын деп бермедім деп», - Абай хакім айтқандай, адам ұрпағымен қымбат, адам баласының ең қызығы, бақыты, ұрпағының жалғасы. Ал, тәрбие тал бесіктен емес құрсақтан басталады. Ананың балаға деген мейірімі, сезімі, махаббаты ананың  ыстық ықыласы мен тәрбиесінен берілетін құнды дүние. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі мақсаты - болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуіне, дұрыс білім алып жетілуіне, өмірде өз орнын табуына көмек беру. Тәрбие қаншалықты тереңде болса білім де соншалықты тереңде. Басқосуда бас имам дін тағылымдары жайында жан-жақты дәрістер оқып, рухани жетілуге, яғни діннің жартысын толықтыруға дәнекер болған сахаба әйелдердің өмірінен де өнегелер келтірді. Олардың исламға жасаған қызметтері мен ерен ерліктері – мұсылманға үлгі. Әйел – отбасындағы бақыт пен берекенің ұйытқысы. Сондықтан да әйел өзінің негізгі ұрпақ сүю, олардың дінге, Отанға, ұлтқа қызмет көрсететін қайырлы перзент өсіруі сияқты аса сезімталдықты қажет ететін міндеттерін ұмытпауы керек. Рухани кеш соңынан насихат пен амалды үйлестіріп, қайырымдылықты қанат тұтқан қалалық мешіт атынан мүгедек бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты анаға азық-түлікпен жәрдем көрсетілді.  

 

Қараағанды қалалық "Әл-Машани" мешітінің баспасөз қызмет

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары