Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«ИМАМҒА ҚҰРМЕТ – ҰСТАЗҒА ІЗЕТ»
11 қазан, 2019 жыл 45 Басып шығару нұсқасы

Жуырда ҚМДБжанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институты «Ниет» қорының қолдауымен ұстаздар күні аясында «Имамға құрмет – ұстазға ізет» атты іс-шарасын өткізді.

Мерекелік іс-шара барысында Ислам институтына 2 айға білімі мен біліктілігін көтеруге  келген имамдарға сый-сияпаттартабысталды.

Ислам институты директоры Кенжеәлі Қоңыратбайұлы:

«Ислам институтының басшылығы, ұстаздары мен барша қызметкерлері жан-жақтан оқуға келген имамдарымызға аянбай қызмет етеміз. Имамдарымыз ең алдымен білімін арттырудан өзге нәрсеге көңіл бөлмеуі керек. 2 ай бойы ілімін толықтыруы тиіс. Себебі, ықылас болмаса, білім дарымайды, демек, тақуалығы артпайды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген имамдарымыз алған білімдерін өз жамағаттарымен бөлісіп, дәстүрлі ислам дінінің нығаюына үлес қосуына сеніміміз мол.     

ҚМДБ қызметкерлері ислам дінін халыққа түсіндіру жұмыстарымен ғана емес, көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Осыған орай, имамдарымыздың ізгі еңбектерін бағалайық деген оймен «Ниет» қорының қолдауымен сыйлықтар жасап отырмыз. Алдағы уақытта бұл жоба тұрақты түрде жүзеге аса бермек» - деп атап өтті.

Сый-сияпаттарды үлестіру шарасынан кейін имамдар дастархан басында бас қосып, халқымыздың бірлігі, дініміздің  көркеюі үшін бата жасады. 

http://www.muftyat.kz/

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары