Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Наурызбай Тағанұлы: Қарапайым имам екенбіз демеңіздер…
15 қазан, 2019 жыл 13 Басып шығару нұсқасы

Түркістанда ұлттың ұлы тұлғасы Абай хакімнің 175 жылдық мерейтойына арналған семинар өтіп жатыр. Жиынға ҚМДБ Төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай Тағанұлы қатысуда.

Бірінші наиб Мүфти бірқатар өзекті мәселелерді ортаға салды. Дінде айтқан нәрсені істеп, жүйелі жұмыс жүргізуді алға тартты.

Қазір қоғамда ақида және фикһ бойынша проблемалар туындап жатыр. Ғылымнан емес, білімсіздіктен деп түйген жөн.

Жергілікті халықтың діни сауаттылығын арттыру үшін имамдардың білімі мен біліктілігін көтеру қажеттігіне тоқталды. Жамағаттың кез-келген сұрақтарына жауап беру үшін күндіз-түні білім іздену керектігін қадап айтты.

Сондай-ақ, өкіл имамға өкілдік жанынан біліктілік арттыру курсын ашу, тоқсандық, жылдық жоспар түзу, Имам Матуриди мектебін қалыптастыру тапсырылды. Бұл үшін Мүфтият тарапынан кестеге сай, қажетті ұстаздар да жіберілмек, өкілдіктен нақты және тұрақты концепция әзірленуі тиіс.

Muslim.kz суреті.

Muslim.kz суреті.

Наурызбай Тағанұлы:

– Мүфтият бар, ал, біз қарапайым имам екенбіз деп жұмысқа бейжай қарауға болмайды. Үнемі білім жетілдіру керек. Құранды көбірек жаттау қажет. Ағымдармен жұмыста және дін насихатында ыждаһаттылық танытуға тиіссіздер…
Мешіттің әдемілігі әрлі-берлі өткен халықты Алланың үйіне тартады. Сондықтан сәулеті мен сәніне мән берген жөн. Мешітке келген балаларды қадағадау, олардық имандылыққа тартуда нәтижеге жету керек. Мешіттерде ақида, фикһ бойынша ақпараттық-танымдық жадынамалар тұруы тиіс.

ҚМДБ Төрағасының бірінші орынбасары жүйелі жұмыстың, нәтижелі болатынын қайыра айтты. Өкіл имам Мұсабек Ақтамберді Наурызбай Тағанұлына ризашылығын білдірді.

Түркістан қалалық мешіттерінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан семинарға ғалым-ұстаз Абдулла Жолдас, РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаев арнайы қатысуда. Сонымен қатар облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының теологтары құрметті қонақтардың қатарында.

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары