Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

"Хатым дұғасы бағышталып, елге береке тіледі"
23 қазан, 2019 жыл 874 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешіті жанындағы діни сауат ашу курсындағы шәкірттер қатарында жасы үлкен апаларымыз да діни білімін жетілдіріп келеді. Соның ішінде Құран Кәрімді түпнұсқада оқып, оның мағынасына терең үңілу үшін жиі жиналатын ынталы топтар да бар. Олар ай сайын Құранды басынан аяғына дейін оқып, хатым дұғасын жасауды әдетке айналдырған. Мешіттің діни қызметкері Жадыра ұстаз әрбір тыңдаушы шәкіртке жеке-жеке уақыт бөліп, тыңғылықты дәрістер өткізеді. Осы жолғы хатым дұғасын бағыштау үшін "Әнет баба" мешітінің бірінші наиб имамы Дархан Асылтайұлы шәкірттер ортасында болып, құран оқудың маңыздылығы мен сауабы турасында насихат айтып, хатымның батасын жасады. Жалпы, ҚМДБ-ның пәтуасында "Мәйітке арнап Құран оқуға, “Хатым Құран” (Құранды басынан аяғына дейiн оқып шығу) түсіріп және оның сауабын марқұмға бағыштауға болады. Сауабы иесіне тек Алла Тағаланың әмірімен ғана тиеді. Мәйітке арнап Құран оқудың мәйітке пайдасы бар, " – делінген.  Бұл жолғы дұға сауабы елім, жерім деп өткен ата-бабаларымыз бен исі мұсылман қауымға бағышталып, ел мен жерге Жаратқаннан береке мен тыныштық тіленді. Алла қабыл етсін!

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары