Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Президент: Асар дәстүрін қайта жаңғыртуымыз қажет
10 желтоқсан, 2019 жыл 25 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.

«Волонтер жылы баршамызға, әсірсе жастарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан сіздерді осы игі бастамаға белсенді атсалысуға шақырамын. Жастарымыз мұқтаж жандарға көмек қолын созуға әрдайым дайын болуы керек.

Дана қалқымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген. Қайырымдылық пен мейірімділік – қанымызға сіңген қасиет. Қазақта асар жасап, бір-біріне көмектесіп, қолдау көрсету дәстүрі бар. Оның волонтерлікпен үндесетіні сөзсіз. Сондықтан алдағы жылы сол дәстүрді заманға сай қайта жаңғыртуымыз қажет» деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент осы жалпыұлттық бастаманың негізгі қозғаушы күші жастар екендігін баса айтты.

«Бұл істе біз белсенді жастарға зор сенім артамыз. Елге қызмет ету білімді ғана емес, намысты да талап етеді. Жас ұрпақтың ар-намысы жоғары болса, мемлекетіміздің мәртебесі биік болады.

Қазіргі жастар Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген сөзін берік ұстануы керек. Өйткені, Тәуелсіз Қазақстанның тұғырлы тірегі, үкілі үміті, берік қалқаны өздеріңіз. Қайратты жастарымыз көп болса, мемлекетіміздің болашағы баянды болады деп сенемін» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

http://www.muftyat.kz/

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары