Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

БАС МҮФТИ САУД АРАБИЯСЫНЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІМЕН СҰХБАТТАСТЫ (ФОТО)
29 желтоқсан, 2019 жыл 41 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Елордада Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшілігінің Уақытша Сенімді Өкілі Турки әл-Қахтани мырзаны қабылдады.

Сенімді өкіл арнайы қабылдаған Серікбай Сатыбалдыұлына алғысын білдірді.

Бас мүфти С.Ораз ресми кездесуде Қазақстанның дінаралық диалогты нығайту бағытындағы әлемдік бастамаларына белсене араласып, үн қосып келе жатқан Сауд Арабиясы Корольдігіне, Дін істері министрлігіне алғыс білдірді. Сонымен қатар, тәуелсіздік алған жылдардан бері қажылық парызын өтеген 100 мың отандасымызға жоғары деңгейде құрмет көрсетіп, қызмет еткен Қажылық министрлігіне ілтипатын жеткізді. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау қалаларынан Жидда, Мәдина шаһарына тікелей әуе рейсінің ашылғанын, бұл бастама үлкен қолдауға ие болғанын атап өтті.

Уақытша Сенімді Өкіл Турки әл-Қахтани мырза Сауд Арабиясы Корольдігі мен халқы үшін кез келген қажыға құрмет көрсету абыройлы міндет екенін тілге тиек етті.

Кездесу соңында тараптар қажылық саласында ортақ жобаларды жүзеге асыруға ниеттестік танытты.

http://www.muftyat.kz/

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары