Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қайырымдылық - сауапты іс.
13 қаңтар, 2020 жыл 129 Басып шығару нұсқасы

Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің, деген халық даналығын ескеріп, елімізде мешіттер тарапынан бүгінде бірқатар игі істер атқаруда. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 272-аятында: «(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады. Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)» – дейді. Биылғы жыл басы да Бас имам Ө.Қазкенұлының қайырымды ісімен басталып, өзгелерге өнеге болатын игі шараны атқарды. Мәулітке арналған рухани кеш барысында, көпшілік алдында әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы төрт отбасына  жүз мың теңгеден қаржылай көмек көрсетілді. Исламда «садақа жария» деген ұғым бар. Қоғамның, халықтың игілігі үшін жасалған сауапты істерді «садақа жария» дейді. Мешіт, медресе, аурухана тұрғызу, көше, көпір салу, ауызсуы жоқ ауылдарға су тартып, құдық қаздыру, міне, бұлар халықтың игілігі үшін жасалған сауапты істер. Мұсылманның көңілін көтеру, үміт сыйлау да сауап. Сауапты көктен іздеп қажеті жоқ. Ол біздің айналамызда. Қамкөңіл жанға көмек қолын созу – ол да қайырлы іс.                         Айта кетсек, биыл, 2020 жылдың 12 қаңтары – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл. Осынау мерейтой аясында ҚМДБ 30 мешітке ел игілігі жолында қызмет еткен тұлғалардың есімін беру, 30 елдімекеннің ауызсу, жол-көпір мәселесіне оң ықпал ету, 30 отбасыға қайырымдылық жасау, 30 студентке грант тағайындау, 30 мешітке күрделі жөндеу жүргізу т.б. игі іс-шараны қолға алғалы отыр. 

 



 

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары