Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

"Қазаны жөнелту мәдениеті" талқыланды
29 қаңтар, 2020 жыл 55 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық "Saryarqa" телеарнасында "Қазаны жөнелту мәдениеті" ойталқы бағдарламасы өтті. Бұған дейін жасалған құжаттардың тарихи жалғасы ретінде жақында қабылданған «Жеті рухани қазық» Тұғырнамасы мен «Діни рәсімдер мен діни лауазымдар тізілімі» діни сала жұмысына бірізділік енгізіп, күллі қазақ даласында ортақ құлшылық қағидаларын қалыптастыруға ықпал етуді ұсынған болатын. Ой-талқы басқосуына ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, "Әл-Машани" мешітінің имамы Қабылбек Әліпбайұлы, "Балақажы" мешітінің имамы Махмуд Нурұлы және мешіт ақсақалдары,  қоғамдық ұйым жетекшілері, зиялы қауым қатысты. Өзара сұхбат барысында қазаны жөнелту мәдениеті, жерлеу рәсімі мен ас беру тәртібі, ысырап пен даңғазалықты жою бағытында ойлар талқыланды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының еліміздегі барлық мешіттер қызметін жандандыруға септігін тигізіп жатқандығы насихатталды. Шариғат  талабына  сай  жаназа  және  жерлеу  рәсімдерін  Қарағанды  облысында  біріздікпен жүргізу туралы ұсыныстар ортаға салынды. Көкейкесті мәселелерге қатысты ұсыныстар мен сұрақтар қойылып, ортақ мәміле жасалды. Осы күні ел ішіндегі діни рәсімдерге қатысты «Діни рәсімдерді бірізділікке келтіру» кітапшасы мың данамен шығарылып, халық арасында тегін таратылып және түсіндірме жүргізіліп жатқандығы назарға алынды. Дін мен дәстүр байланысы ескеріліп, озық үлгідегі төл мәдениетіміз бен сауабы мол салттар сабақтастасты.

 

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары