Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚМДБ: ҚОҒАМДЫҚ ТЫНЫШТЫҚ - АСА МАҢЫЗДЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
08 ақпан, 2020 жыл 322 Басып шығару нұсқасы

Жамбыл облысы Масанчи ауылындағы келеңсіз жағдай бізді де алаңдатып отыр. Мұсылман баласының мәселенің анық-қанығын білместен, дауға араласып, өз бауырына зарар тигізуі дұрыс емес. Азаматтарымызды ортақ ымыраға шақырамыз. Жекелеген адамның өзара келіспеушілігі бұқаралық сипат алып кетпеуі керек деп ойлаймыз. Өйткені, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбеті жақсы істер үшін ғана жиналатынын өсиет еткен. Пайғамбар жолын ұстанған мұсылман мұндай амалға әсте бармайтыны белгілі.

Қадірлі бауырларым, сабырға келулеріңіз жақсылыққа апарады. Байқамастан өзге бауырымызға қиянат жасап қоюдан сақ болғанымыз қайырлы. Алауыздықтан абай болғанымыз абзал. Қоғамдағы тыныштық әрқайсымыздың отбасымыз үшін аса маңызды құндылық екені мәлім.

Біздің халқымыз үшін бірлік пен бейбітшілік қашан да басты байлық саналған. Мемлекетіміздің игі бастамалары да еліміздегі бірлікті қамтамасыз етуге, ұлттар мен діндер арасындағы өзара татулықты нығайтуға бағытталған.

Алла Тағала халқымыздың бірлігі мен берекетін, бейбітшілігі мен амандығын арттырғай. Әмин!

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

 

http://www.muftyat.kz/

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары