Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Нұр-Мүбарак ректоры TEDxÓskemen-2020 конференциясына қатысты
09 ақпан, 2020 жыл 5 Басып шығару нұсқасы

Өскемендегі Қазақстан-Американдық еркін университетінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ШҚО Дін істері басқармасы мен ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығы және ҚМДБ-ның Өскемен өңірі бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Абайдың рухани-діни фәлсәфасы» атты TEDxÓskemen-2020 конференциясы өтті.

Шараның мақсаты – ұлттың рухани мәдениетін қалыптастырудағы Абайдың алатын ерекше орнын талқылау мақсатында сұхбаттасып, ұлы ойшылдың шығармаларындағы ұлттық болмыстың діни тәрбиесін өзектендіріп, жастардың дүниетанымдық фәлсәфасына деген қызығушылығын арттыру. Конференцияға діни қызметкерлер, теологтар, абайтанушы-ғалымдар мен студенттер қатысты.

TEDxÓskemen-2020 конференциясындағы құрметті қонақтардың бірі – Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор, доктор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мухаммад әл-Жинди «Ислам және қазақ ұлтының мәдениеті» тақырыбында сөз сөйледі.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары