Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

"Әл-Машани" мешітінде жастардың әлеуетін арттыратын басқосу өтті
24 ақпан, 2020 жыл 80 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды қалалық "Әл-Машани" мешітінің бас имамы Қабылбек Әліпбайұлының басшылығымен рухани іс-шаралар бағытындағы игі істер  жалғасын тауып келеді. Мұсылманның зейінін арттыру, қазақ ғұламаларының дін жайындағы толғаныстарын жастар жадында жаңғырту мақсатында мешіт ұстазы Бақытгүл Жикенова шәкірттер арасында кітап оқудан байқау өткізді. Ай сайын өтіп отыратын байқаудың алғашқы жобасы Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналып, ұлы тұлғаның өнегелі өмір жолы мен қара сөздерінен бастау алды. Шәкірттер Абай атамыздан ұрпаққа мирас болып келе жатқан еңбектерінен мазмұнды түсініктерін айтып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар арасында өз мәнінде мәлімет айтқан шәкірттерге кәдесыйлар сыйлыққа берілді. Тәрбиелік мәні зор басқосу соңында дастархан мәзірін мәнерлеп дайындау үлгісі бойынша тәжірибе алмасты. Білікті ұстаз Бақытгүл шәкірттердің жан-жақты болуын басты мұрат санап, мешітке келген әйел қауымына діни біліммен қатар салт-дәстүрдің маңызын жеткізуді жоспарға қойған.

 

 

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары