Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Cәуірдің ортасында вирус жұқтырғандар азая бастауы мүмкін
26 наурыз, 2020 жыл 94 Басып шығару нұсқасы

26 наурыз.  KAZISKLAM — Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елде Covid-19 індетіне шалдыққандар 15 сәуірден кейін азая бастайды үміттенеді. Бұл туралы ол министрліктің Facebook парақшасындағы сұхбатта айтты. “Елде қабылданған карантин шаралары, біздің есебімізше, вирустың тарауын елу пайызға қысқартты. Ал елде төтенше жағдайдың қанша уақытқа созылатыны эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ. Елде коронавирус инфекциясы сәуірдің басында шегіне жетіп, 15 сәуірден кейін вирус жұқтырғандар азаяды деп үміттеніп отырмыз. Егер жағдай ушығып кетсе, төтенше жағдай да созылары сөзсіз. Мұны президент шешеді” деді министр. 24 наурыздағы дерек бойынша, Қазақстанда 68 адам коронавирус жұқтырған. Қазір Covid-19 дертімен Алматыда — 29 адам, Нұр-Сұлтанда — 35 адам, Қарағандыда — 2 адам, Алматы облысында — 1, Ақтөбе облысында 1 адам емделіп жатыр. Үкіметтің дерегінше, вирус жұқтырғандардың 80 пайызында симптом жоқ я сәл ғана қызуы көтерілген. Нұр-Сұлтанда бір науқас жасанды аппаратқа қосылған. Қарай отырыңыз: Қазақстандағы коронавирус динамикасы Биліктің дерегінше, Қазақстанда дертке шалдыққан 68 адамның 29-ы вирусты шетелден жұқтырып келгенін, 26 адам ұшақта, 13 адам Қазақстанда жұқтырған. Бұдан бөлек, Германияда бір және Венгрияда бір қазақстандықтан вирус табылған. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, Германиядағы қазақстандықтың жағдайы жақсарып, ауруханадан шыққан. Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті. Бұл екі қаладағы барлық сауда орыны мен ойын-сауық орталығы жабық. Тек азық-түлік сататын орындар мен дәріханалар ашық. Ал карантин жарияланбаған басқа аймақтарда базарлар, сауда орындары ашық.



 

 

baq.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары