Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Имамдар карантин кезінде жүрек жылуын сыйлады
22 сәуір, 2020 жыл 63 Басып шығару нұсқасы

  

         Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының нұсқауымен қайырымдылық бағыты бойынша елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қала, аудан аймақтарында сауапты істер қатары артып отыр.

         Карантин кезінде мүмкіндікке қарай көмек көрсетуді құп көрген аймақ имамдары аудан,  ауылдарда азық-түліктер, бетперделер таратуда белсенділік танытып, сауапты істерге тиісінше үлес қосуда. Сондай игілікті шаралар атап айтқанда, Теміртау қаласында 90 отбасы, Балқаш қаласында 50 отбасы және 2100 нан, Ағадыр кентінде 15 отбасы, Шет ауданында 27 отбасы, Саран қаласында 10 отбасы, Шахтинск қаласында 10 және  Шахан кентінде 30 отбасына екі жылқы, бір қой еті үлестіріліп, Бұқар жырау ауданы 30 отбасы, Үштөбе ауылында 21 отбасы, Осакаровка ауданы 36 отбасы, Талды ауылы 5 отбасы, Кеңшоқы ауылы 5 отбасы, Саяқ кенті 5 отбасы, Қаражал қаласы 7 отбасы, Жаңарқа ауданы 54 отбасы, Түгіскен ауылы 50 отбасы, Орынбай ауылы 22 отбасына жәрдем жасады. Сәтбаев қаласында 700, Жаңарқа ауданы бойынша 7000 бетперде тегін таратылды.    

         Қайырымдылық іс жасау арқылы  көңілдер орнығып, адамды қуантасың. Әрбір адамның жұдырықтай жүрегінде жүрек жылуы болса, бір-біріне қайырымдылық жасап жатса, қоғамдағы адамдар қолдау білдірген жандарға ыстық ықыласын білдіреді. Шынайы ықылас болған жерде пейіл түзеледі. Ия, мейірімділік – жаның сусағанда көңіліңе нұр құятын сәуле. Жай ғана жарық емес, үміт шамшырағы. Сол құндылықты шын пейілімен сыйлап жүрген дін жанашырларының атқаратын істері әлі де аз емес.

Баршамыздан Алланың разылығы болсын.

 

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары