Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

"Дін - насихаттан тұрады"
05 мамыр, 2020 жыл 33 Басып шығару нұсқасы

Шартарапты шарлаған індеттің алдын алу мақсатында, сақтық шараларын негізге ала отырып, замануи құндылықтарды игілікке пайдаланып рамазан айында кешенді сұхбаттар мен тәлімі мол насихаттар, діни дәрістер легі өз деңгейінде атқарылып келеді.

         Рамазан айындағы онлайн режимдегі осындай ақпараттарды күнтәртібіне енгізген Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы діни мағлұматтарды барынша мазмұнды, сауатты, ұғынықты жеткізуге басымдық берген. Рамазан - Құран айы болғандықтан күн сайын 15.00-де тікелей қосында хатым Құран оқылып, ауызашардан соң кешкі 21.00-де дін мен дәстүр сабақтасқан насихаттар мұсылман қауымының назарына ұсынылуда. Жамағат үшін мешіттерде топтасып құлшылық жасау уақытша тоқтағанымен, мешіт имамдары мен ұстаздары жамағатқа уағыз-дәрістерін онлайн режимде жүргізуін тоқтатпайды. Дәріс насихаттарда рамазан айына қатысты сұрақ-жауаптар, фиқһ және ақида негіздері, отбасы және неке, мұсылман бойындағы рухани қазықтар мен ізгі сипаттар қамтылған. "Дін - насихаттан тұрады" деген қағидаға сай өтіп жатқан өнегелі іс-шаралар төтенше жағдай мерзімі аяқталғанша жалғасады.

 

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары