ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздің әр өңірінің бас имамдарына санитарлық талаптарды қатаң сақтауды, халыққа психологиялық қолдау білдіріп, көбірек истиғфар, салауат айту және садақа ниетімен құрбандық шалуды тапсырған болатын. Осыған орай елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешіті ауласында құрбан шалып, ел амандығы үшін Жаратқаннан дұға тіледі. Осындай игі бастама бүгін Қарағанды облысына қарасты Ақсу-Аюлы елдімекенінде өз жалғасын тапты. Аталмыш аймақ тұрғындары екі миллионға жуық қаражат жинап, бір жылқы, бір сиыр және бес қой алып ауыл мешітінің ауласында құрбандық шалды. Ауылдағы жағдайы төмен, көмекке мұқтаж 125 отбасыға ет үлестірілді. Сондай-ақ, қайырымдылыққа деп 150 литр қымыз, 140 булка нан, 50 отбасына қолдың майы таратылды. Жиналған қаражаттың артылғаны әр отбасыға дәрі-дәрмек алуға 20 000 теңгеден үлестірілді.
Бұл күні жиналған қауым Жаратушы иеден дұға тілеп, ел басына қиындық туған осындай алмағайып сәтте Алладан медет сұрады. Құран оқылып, истиғфар мен салауат айтылды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер