Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ (ФОТО)
29 шілде, 2020 жыл 15 Басып шығару нұсқасы

Құран Кәрімде 200 жерде Алла жолында садақа беру, мал сарп ету жайында баяндалады. Яғни Алла берген нығметті Алла жолында жұмсау сауапты амал екені айтылады. Шексіз нығмет Иесі болған Алла мақлұқаттың табиғатында өзгеге жәрдем ету, барын бөліп беру сезімін жаратқан. 

Қасиетті Зулхиджа айының құрметіне орай, сондай-ақ, аты жаман індеттен ел амандығын тілеп, тасаттық беру мақсатында Қарқаралы ауданының бірнеше ауылдарында құрбандық малы шалынды. Атап айтқанда, Нүркен ауылында бір сиыр бір жылқы сойылып, еті көмекке зәру жандарға, науқастарға теңдей үлестірілді. Сонымен қатар, Егіндібұлақ ауылы, Қарабұлақ ауылы, Көктас ауылы да игі шарадан құр қалмады. Құрбандыққа қой сойылса, садақа ретінде жылқы сойылып, үлкен сауапты шара атқарылды.

Алла біздерге мал-мүлік берсе, Алланың берген нығметіне шүкіршілік етіп, орнымен жұмсап, шүкіршілігі ретінде Алла разылығы үшін белгілі бір мөлшерін мұқтаждарға беру керектігін ескертеді. Бұл туралы Құранда былай дейді:

وَفِي أَمْوَالِهِمْ حَقٌّ لِّلسَّائِلِ وَالْمَحْرُومِ

«Олардың малдарында қайыршының және (сұрауға намысы жібермеген) жарлының да ақысы бар» (51.Зарият-19).

Берген қол алушыдан жоғары тұрады. Ал алушы берушіге дұғада болатындықтан, сізде садақа беріңіз, өзгелерде Алладан сіздің тілеуіңізді тілесін.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

                                                             

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары