Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ЖАНҚҰТТЫ БИ МЕШІТІ ЖАҢАРДЫ (ФОТО)
12 тамыз, 2020 жыл 261 Басып шығару нұсқасы

Күллі мадақ әлемдерді жаратқан Жаратушы Алла Тағалаға болсын! Адамзат баласына екі дүние бақытын көрсеткен ардақты елші Мұхаммед Мұстафаға (с.ғ.с.) сансыз салауаттар болсын!

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Алла Тағалаға қаланың өте жақсы орындары – мешіттері. Ал, қаланың өте жаман орындары – базарлары», – дейді. Мешіт – мұсылманның Жаратушысына құлшылық жасап, тәубеге келер, хакім Абай айтқандай «қияметшіл дүниенің» кірінен тазарып, бар арман, үмітінің ақталуын тілеп, дұға жасайтын қадірлі үйі. Ал, мешіттің қабырғасынан  діни уағыз тыңдап, білімін жетілдіріп, сауатымды арттырамын, ұстаздан тәлім аламын деген мұсылмандар үшін – тәрбие ордасы.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай 30 игі іс-шара аясында Қарағанды облысына қарасты, Шет ауданындағы Жанқұтты би мешіті күрделі жөндеуден өтті. Имандылық пен парасаттылыққа, сауаттылық пен адалдыққа толы «Алланың үйі» 2011 жылдан бері талай жамағатты асыл дініміздің құндылықтары мен рухани нәріне сусындатып, қызмет етіп келеді. Бүгінде келушілер легі жетерлік. Жастардың да имандылыққа бет бұрғаны, қарттардың да азан шақырып, баталы болғаны кімді де болсын қуантары анық. Ғимараттың жөндеу жұмыстарына  жауапты болып, игі істің жүзеге асуын ұйымдастырып, басы-қасында жүрген мешіт бас имамы Маханбетчин Берік Алпысбайұлының айтуынша жөндеу жұмыстарына  аудан тұрғындары мен жомарт жандар және  демеушілер қолдау көрсеткен. 2020 жылдың мамыр айынан бастау алған жөндеу жұмыстары  сәтті аяқталды. Мешітке жаңа жайнамаз төселіп, люстралары жаңартылды. Ерлер мен әйелдер дәретханасы толықтай жаңартылды.

Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар шұғылданған қадірлі іс болған. Діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай облысымызда атқарылар 30 игі іс-шара осымен тоқталмақ емес.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары