Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ:АУДАН АУРУХАНАЛАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ(ФОТО)
01 қыркүйек, 2020 жыл 533 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай 30 игі іс-шара аясында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде берекелі шара жүзеге асты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде облыстық «Зекет» қоры өкілі Мұхит Джаримбетовтың және аймағымызға қарасты Қарқаралы, Шет, Жарық және Ағадыр ауданының жомарт жандарының ат салысуымен  қайырымдылық іс- шарасы атқарылды.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) садақа жайында: «Мұсылманның садақасы ғұмырын ұзартады. Оны мезгілсіз өлімнен сақтайды. Күпірлік пен мақтаншақтықтан аластатады»,- деген.

 Ел басына күн туған қиын кезеңде «жұмыла көтерген жүк жеңіл»- деп, облысымызда ауыр індетпен ауырып жатқан науқас жандарға көмек беру мақсатында ауруханаларға көмек көрсетілді. Нақтырақ айтқанда 30 арнайы демалтқыш апараты, сондай-ақ, қажетті медециналық құрал-жабдықтар Қарқаралы, Шет, Жарық және Ағадыр аудандарының ауруханаларына теңдей үлестіріліп, жеткізілді. Қайырымдылық акциясын ұйымдастырған жандарға аурухана қызметкерлері шексыз алғыстарын жеткізді. Қайырымдылық шарасында  Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы осы игі шараның жүзеге асуына атсалысқан барша жомарт жандарға, дін қызметкерлеріне алғысын айтты

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары