Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды
15 қыркүйек, 2020 жыл 346 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық “Әнет баба» мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды.  Бас мүфтидің бұйрығы бойынша қызметке жаңадан кіріскен Асылхан Нұртайұлын ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы   қызметке қабылдап, еңбек жолында сәттілік тіледі. 

Асылхан Нұртайұлы Темірханов бұған дейін, яғни, 2018 жылдан бастап  Ақтөбе қаласы,  Астана ауданы  «Бақытжан» мешітінде имамдық  қызметін атқарған.

2009-2012 ж.ж Нұр-Сұлтан қаласы, «Астана медресе колледжінде» білім алған;

2013-2016 жж Алматы қаласы, «Нұр- Мүбарак» Египет ислам  мәдениеті университетін үздік тәмамдаған;

2012-2013  жж. Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданындағы «Жыржыс қажы» мешітінде  наиб имам қызметін атқарған;

2014-2016 жж. Университет жанынан құрылған Жастар ісі комитетінің Тәрбие ісі секторы;

2016-2018  жж. Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы.

2017  жылдан бастап ЖАНТ мүшесі;

2016-2019 жж. жылдан ҚМДБ Жастар ісі секторының Ақтөбе облысы бойынша жауапты қызметкері;

2016 жылдан  Ақтөбе облыстық «Руханият» мұражайы жанынан құрылған «Руханият» танымдық клубы төрағасының  жастармен жұмыс ұйымдастыру жөніндегі қоғамдық негізде орынбасары;

2017 жылдан Дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі болды.

Үйленген. 1 баласы бар.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары