Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ШАХТИНСК ҚАЛАЛЫҚ «НҰР» МЕШІТІНЕ ЖӨHДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
21 қыркүйек, 2020 жыл 508 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы арнайы қызметтік сапар бойынша Шахтинск қаласына  ат басын бұрды.  Аймақтағы «Нұр» қалалық мешітінің имамы Әсет Ибраев  облыс бас имамына мешіттің бүгінгі тыныс-тіршілігін таныстырып, жаңалығымен бөлісті. ҚМДБ-ның отыз жылдығына орай «отыз жылда отыз игі іс шара» аясында Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті бірнеше жөндеу жұмыстарын жүзеге асырған. Атап айтқанда, мешіттің жылу құбырлары ауыстырылып, жарық беру құрылғыларының қуаты арттырылған. Ғимараттың аумағы толықтай қоршалып, көлік тұрақтары жасалынған. Сондай-ақ, мешіттің асханасы да күрделі жөндеуден өтті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары