Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінде Мәуліт оқылды
02 қараша, 2020 жыл 465 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық  «Әнет баба» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының қатысуымен рухани Мәуліт кеші өтті.

Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген күнінің құрметіне өткен рухани кеште облыс имамы Алла елшісіне салауат жолдап, ел тұрғындарын Мәуліт мерекесімен құттықтады.

Бұдан кейін «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Дархан Кәрсембай және ұстаз Нұрбол Әділмұрат мәуліт оқып, облыстық мешіттің наиб имамдары Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем-салауаттар жолдады. 

Кеш қорытындысында Құран оқылып, Бас имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.

Айта кетейік, қазіргі әлемдік пандемия жағдайына байланысты  игі дәстүрге айналған Мәуліт кешін діни басқарма тарапынан  онлайн режимде өткізу тасырылған болатын.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары