Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

БАС ИМАМ ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНА АРНАЙЫ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ
04 қараша, 2020 жыл 810 Басып шығару нұсқасы

Дін халқымыздың басты құндылығы және ел дәулетінің алтын діңгегі.  Бүгінде облысымыздың әр түкпіріндегі мешіттер  асыл дініміздің өркендеп, ел іргесінде кеңінен құлаш жайып өркендеуі үшін өзіндің үлесін қосу үстінде. Осы ел игілігі үшын қызмет етіп жатқан мешіттердің тыныс-тіршілігіне бақылау жұмыстарын жүргізу мақсатында Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы арнайы қызметтік сапар бойынша Теміртау орталық мешітіне ат басын бұрды.  Аймақ мешітінің имамы Естай Айтуғанұлы  облыс бас имамына мешіттің бүгінгі тыныс-тіршілігін таныстырып, жаңалығымен бөлісті. ҚМДБ-ның отыз жылдығына орай «отыз игі іс шара» аясында мешітте бірнеше жөндеу жұмыстары жүзеге асырылған. Сондай-ақ, мешіттің асханасы да күрделі жөндеуден өткен. Шахар мешітінде діни басқарманың тарапынан тапсырылған «әр аптаға бір іс-шара» жоспары бойынша да көптеген жобалар ұйымдастырылып, шаралар жүзеге асу үстінде. Облыс бас имамы осы бастама аясында өткізілген шараларға қатысып, мешіттің ішкі-сыртқы жұмыстары мен дін қызметкерлерінің жұмыс барысын қадағалап қайтты. Сондай-ақ, ғимараттың қысқы дайындығын пысықтап, тапсырмалардың уақытылы орындалуына тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Абдулла ибн Масғұдтан(Оған Алла разы болсын)  жеткен риуаятта Алланың Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Адал жолмен кәсіп іздену парыздан кейінгі парыз», – деген. Асыл дініміз үшін қажырлы еңбек етіп, аттан түспей, облысымыздағы ұтымды істердің ұйытқысына айналып жүрген дін қызметкерлерінің қарқынды жұмысына облыстан арнайы іс сапармен келген облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы және «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Нұржігіт Оразалыұлы  алдағы уақытта да адал істі абыроймен атқаруға сəттілік  тілеп қайтты.

Жаратқан Ие дінміз бен діліміздің тұғырын қашан да биік еткей! Әумин!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары