Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Qazyna Food» ЖШС «Asar Qazan» дайын тағам жеткізу орталығына халал сертификаты табысталды
24 қараша, 2020 жыл 144 Басып шығару нұсқасы

Қазіргі таңда дайын тағам тұтынушылар арасында сұранысқа жиі ие болып жатады. Сондай-ақ,тез әрі жылдам жеткізумәрі ас мәзіріне тың жаңалықтар кіргізу қазіргі заман талабына енген дүние. Осы бағытта қызмет етуді жаңадан қолға алған «Qazyna Food» ЖШС  «Asar Qazan»  дайын тағам жеткізу орталығын ҚМДБ-ның «Халал Даму» ЖШС –нің Қарағанды облысы бойынша өкілдігі «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша сертификаттады.     Арнайы стексеріс жұмыстарын
 ҚМДБ-ның  өңірлік жауапты өкіл Ысқақ Абдрахманов жүргізіп, күмәнді деп танылған өнімдер мен тағамдық қоспалар лабораториялық зертханаға жіберілді. Барлық қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық процесс тексерілді. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары