Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Облыс наиб имамы Хумар Қоныскерей кезекті басқару-бақылау жұмысын жүргізді
03 желтоқсан, 2020 жыл 602 Басып шығару нұсқасы

Дін халқымыздың басты құндылығы және ел дәулетінің алтын діңгегі.  Бүгінде облысымыздың әр түкпіріндегі мешіттер  асыл дініміздің өркендеп, ел іргесінде кеңінен құлаш жайып өркендеуі үшін өзіндің үлесін қосу үстінде. Осы ел игілігі үшын қызмет етіп жатқан мешіттердің тыныс-тіршілігіне бақылау жұмыстарын жүргізу мақсатында, ҚМДБ-ның Қарағанды облысының наиб имамы Хумар Қоныскерей Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітіне ат басын бұрды. Аталған мешіттің имамы Хушкелдиев Жанболат облыс наиб имамына  мешіт тынысының, дін қызметкерлерінің жұмыс барысын пысықтап, таныстырды. Алғашқы қадамын іс қағаздар сөресінен бастаған куратор имам рет-ретімен тұрған құжаттарды қарап шықты. Бұдан кейін тарихи мешіттің басқадай жұмыстарымен танысты. Мешіт имамы Хушкельдиев Ж.Ж жоспар бойынша жасалып жатқан жұмыстар легін баяндап , ғимараттың маңызды істеріне тоқтала келе көне тарихи сәулет үлгісі сақталып келе жатқаны жайлы, келер жылы да жалғасын табатынын тілге тиек етті. Абдулла ибн Масғұдтан(Оған Алла разы болсын)  жеткен риуаятта Алланың Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Адал жолмен кәсіп іздену парыздан кейінгі парыз», – деген. Асыл дініміз үшін қажырлы еңбек етіп, «Әл Машани» мешітінде ұтымды істердің ұйытқысына айналып жүрген дін қызметкерлерінің қарқынды жұмысына  арнайы іс сапармен келіп, бағасын берген  облыс наиб имамы  Хумар Қоныскеерй алдағы уақытта да адал істі абыроймен атқаруға сəттілік  тілеп қайтты.

Жаратқан Ие дінміз бен діліміздің тұғырын қашан да биік еткей! Әумин!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары