Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ «ЗЕКЕТ» ҚОРЫ ЖАҚЫНЫНА ЖЫЛУ СЫЙЛАДЫ (ФОТО)
16 ақпан, 2021 жыл 320 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Жақыныңа жылу сыйла» қайырымдылық акциясы болып өтті.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасы бойынша «Зекет» қорының аймағымыз бойынша жауапты өкілі Мұхит Джаримбетов аз қамтылған мұқтаж отбасыларға көмек көрсету мақсатында игі істі жүзеге асырды. Атап айтқанда он отбасына көмір жеткізіліп, жеті отбасыға кілем мен төсеніштер үлестіріліп берілді. Сонымен қатар, екі отбасыға аяқ киім, киім-кешек берілсе, тағы бірнеше отбасыға азық-түлік жеткізіліп берілді.

Осы сауапты іс-шарадағы негізгі мақсат – әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмектесу.  «Қайырымдылық жасасаң- қайырын өзің көресің»,-дейді қазақта.

Жиын соңында қайырымдылық сауапты амалға қаржылай және өз мүмкіншілігіне сай үлесін қосқан жомарт азаматтарға облыстық «Зекет» қоры өкілдігі атынан алғыс айтылып, ізгі тілек білдірілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары