Балқаш қалалық мешітінің ұжымы ақжаулықты әжелер мен ардақты аналарды мерекелерімен құттықтап, сый- сияпат көрсетіп дастархан жайды.
Ислам діні әркез әйел адамға еркеше құрметпен қараған. Ол жайында пайғамбарымыз с.ғ.с. хадис шарифінде былай деген: Анаға,анаға, анаға содан кейін ғана әкеге құрмет көрсетіңдер,- делінген.
Ата-бабамызда ананың өмірден алар орны ерекше екенін үнемі ұрпағына өнеге ретінде айтып отырған. Қазақта жақсы сөз бар. Ана бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербеткен,- деген. Жалпы ,аналарды тек белгілі бір күндерде ғана құттықтамай жыл бойы тіпті, лаж болса, күнделікті құрмет көрсетуің әр баланың міндеті десек артық айтпаған болар едік. Өйткені, ана-осы құрметке әбден лайықты.
Қарты бар үйдің-қазынасы бар дейді, қазақта. Ұрпақ тәрбиесіне аса қатты жауапкершілікпен қараған халқымыз Төрінде ақжаулықты әжесі мен ақсақал қариясы отырған үйдің берекесі болады деп, үнемі қарттарына құрмет көрсетіп отыруды дәстүрге айналдырған. Сондықтан да бүгін Балқаш қалалық мешіті ұжымы дастархан айналасында отырған аналарды төл мерекесімен құттықтай отырып, барша аналарға да , әпке-қарындастарымызға отбастарына амандық, саулық , бақыт пен шаттық ,қуаныш тілейді
ihsan.kz
Пікірлер