Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

"Қазыбек би» мешітінде жасөспірімдер арасында Құран жарысы өтті 
22 наурыз, 2021 жыл 711 Басып шығару нұсқасы


Адамзаттың асылы Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің бір хадисінде: «Сендердің ең ізгілерің – Құранды үйреніп, оны өзгеге үйреткендерің», – деген. ҚМДБ- ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының қолдауымен,Қасиетті Рамазан айының қарсаңында  Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында бір парадан «Құран жарыс» сайысы өтті. Жарыс барысында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Кәрсембай Дархан Асылтайұлы, «Төлеутай ата» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлы және «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Олжабек Мұрсали төреші болып, әділ бағаларын берді. Берекелі байқау барысынд Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жарысқа қатысушыларға өзінің батасы менізгі тілегін білдіріп, жасөспірімдерге Өзінің уағыз-насиахатын арнады. Әділ төрелік еткен бағалаушылардың қорытындысы бағалауы бойынша қатарластарынан оза шауып, алға шыққан Муса Мухамедали Мұратұлы 1-орынды иеленді. Жүлделі 2-орын Абрахман Нұрахмет Ысқақұлына бұйырды. Кезекті 3-орынды Ергожин Абзал Алтайұлы қанжығасына байлады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары