Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарқаралы ауданында Құран жарысы ұйымдастырылды
29 наурыз, 2021 жыл 496 Басып шығару нұсқасы

Асыл дініміздің қайталанбас құндылығы, тірегі болған, екі дүние бақытына жеткізер Алланың хақ үкімі және сөзі Құран екені баршамызға аян. Ардақты елші Пайғамбарымыз (с.а.с), «Сендердің ең жақсыларың, Құранды үйреніп оны өзгелерге үйреткендерің»- дегендей ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты  Қарқаралы ауданы, Бүркітті ауылында Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерей-тойына орай аудан аралық Құран жарысы өтті. Сайыс 30-пара және  20 сүре аралығында өтті. Сайыс барысында Қарқаралы ауданының имамы Құбылайханов Митератбек бақ сынасушыларға өзінің өзек жарды лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.

Нәтижесінде 30- парадан 1 - орынды Бүркітті ауылының тұрғыны  Ермекұлы Наурызбай иеленсе, жүлделі 2 - орынды Көктас ауылының Амангелді Ақәділ шәкірттері иеленді. Ал, кезекті 20 сүре бойынша 1 - орынды Теректі ауылынан қатысқан Аққалықов Ердос қанжығасына байлап қайтты. Кезекті 2- орынды Егіндібұлақ ауылынан келген Танатов Талғат еншілесе, 3- орын Теректі ауылынан келген  Нұржан Нұрболұлына бұйырды.    Үздік шыққан шәкірттің ұстазына шипажайға жолдама берілді.

Алла Тағала қасиетті Құранды кітап күйінде ғана емес адамдар арқылы, осындай қариларымыз арқылы  сақтап отырады. Сондықтан, бәйгені ұйымдастыру да  Алла жолындағы мәртебелі қызмет.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары