Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ: Дін қызметкерлерінің этикасы мен жауапкершілігі талқыланды
02 сәуір, 2021 жыл 376 Басып шығару нұсқасы

 

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде облыс наиб   имамы Құмар Қоныскерей облыс, қала, аудан имамдарына «Мешіт имамдарының қызметтік әдебі» тақырыбында алқалы жиын өткізді.

Өңірлік қала, аудан мешітінің барлық дін қызметшілері түгелдей бас қосқан келелі жиында ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының  тапсырмасын ортаға салып, дін қызметкерінің этикасы мен әдебі, жауапкершілігі жайлы, жұмыс барысында кездесетін өрескел әрекеттердің себебі мен салдарын талқылады.

Сондай-ақ ҚМДБ-дан бекітілген он құжаттың бірі  «ҚМДБ қызметкерінің этикасы» тәлімдік анықтамалығы аясында дін қызметкерлерінің міндеттері мен қызметтеріне және қоғамдық ортадағы бейнесі мен дінді көркем насихаттау шеберлігіне қатысты талаптар мен ережелерді толығымен ашып түсіндірді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары