Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ: РАМАЗАН АЙЫНА ҚАТЫСТЫ КЕЗЕКТІ ЖИЫН ӨТТІ
08 сәуір, 2021 жыл 314 Басып шығару нұсқасы

Барша ғаламды жоқтан бар қылушы, бізге ризық-несібемізді беруші, нығметтерінің ең ұлысы Ислам, иман нығметтерін нәсіп қылушы және бізді мұсылмандардан етіп жаратқан Алла Тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар болсын. Жаратушы Иеміздің соңғы елшісі, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммадқа (с.ғ.с.), оның отбасына, сахабаларына және соларға қияметке дейін ізгілікте ерген әрбір момын мұсылманға Алла Тағаланың салауаты мен сәлемдері болғай.Қасиетті Рамазан айының қарсаңына орай ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының қатысуымен  қала, аудан имамдарының кезекті бас қосу жиыны өтті.  

Жиын барысында қозғалған тақырып Рамазанға байланысты Бас мүфтидің халыққа Үндеуі, уағыз-насихат жұмыстары, пітір садақа мөлшері және қасиетті айда ұйымдастырылатын шаралар талқыланды.

         Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты биылғы Рамазан айында жамағатпен онлайн байланысты нығайтып, әлеуеттік желілер  арқылы уағыз, дәрістер жүргізу жоспарға алынды. Сондай-ақ, барлық мешіттердің ішкі-сыртқы тазалығын қатаң бақылауда ұстауды тапсырылды.

  Жергілікті мешіттер Рамазан айында қайырымдылық шараларын үзбей жалғастыратын болады.  

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы  бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары