Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ерекше басталды. Сексен үш жылдың сауабына тең келер берекелі айда Аллагың жердегі үйіне келіп, Ислам дінін қабылдауға ниетт еткен Виктор есімді орыс ұлтының өкілі мешіт жамағатына қуаныш сыйлады. Игі рәсімді облыстық мешіттің наиб имамы Асылхан Нұртайұлы жүзеге асырып, бауырымызға кәлима шаһадат айтқызып, мұсылмандықты қабылдатты. Исламның шарттары мен парыздарына иілемін деген бауырымыз ертеңнен бастап қасиетті Рамазан айының оразасын тұтпақ. Ендеше, мұсылмандықтың нәрін енді татқалы жатқан ортасына жаңадан бауырымыздың шынайы ниеті қабыл болып, жасаған игі істерінің сауабын Алла Тағала еселеп жазғай.
ihsan.kz
Пікірлер