Сауаптар еселеп жазылатын Қасиетті Рамазан айында Қарағанды облысына қарасты Қаражал қалалық мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті. Берекелі шара барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж жетпіс отбасына ұн үлестіріліп берілді. Қайырымдылыққа жұмсалған жалпы қаражат саны 350 теңгені құрайды.
Екі әлем сардары, Пайғамбарымыз (С.Ғ.С.) «Садақа беріп ризықтарыңды көбейтіңдер»- деген. Қаражал қалалық мешіті ұжымы шараға қолдау көрсеткен жомарт жандарға шексіз ризашылықтарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер