Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің, - демекші қандай қайырымды істер жасасаң да барлығы өзің үшін деп ата-бабамыз да мақал-мәтелдерде айтып кеткен.
Қасиетті Рамазан-жақсылық айы. Абай аудандық мешіті қасиетті Рамазан айының құрметіне «Тегін нан тарату» қайырымдылық акциясын жүзеге асырды. Шара барысында ауданның имамы Мукаев Аманбол Рымқұлұлы жергілікті халықты Рамазан айымен құттықтап әр шаңырақтан келген жанға екі бөлкен нан үлестірді.
Қоғамда да күнделікті жиі қолданылып отыратын дана сөздерінің бірі: «Кең болсаң – кем болмайсың» деудің мәніне үңілсеңіз адам бойындағы жомарттық, қайырымдылық қасиеттерді меңзеп отыр. Яғни, төрт құбыласы тең болады.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.): «жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – дегенін ұмытпайық.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер