Ауызашар беру – сауапты іс. Зәйд ибн Халид әл-Жуһайнидің (р.а.) риуаяты бойынша Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді», – деген. Абай ауданында қасиетті Рамазан айының құрметіне «Отыз күнге отыз қайырымдылық» акциясы жүзеге асуда. Игі шара аудан иаммы Аманбол қажы Рымқұлұлының ұйымдастыруымен бастау алды. Шара барысында күнделікті әлеуметтік көмекке мұқтаж, көп балалы, жалғыз басты, тұрмысы төмен отбасыларына азық –түлік үлестіріліп, қайырымдылық жасалады. «Кең болсан кем болмайсын»,- деген қағиданы ұстана отыра ауданда жүзеге асып жатқан «Рамазан сыйы» атты шара отыз күнге жалғаспақ.
ihsan.kz
Пікірлер