Ас беру өте үлкен сауап болып табылады. Әсіресе аузы берік адамға ас беру – одан да үлкен сауап болады. Ораза тұтқан адамның сауабындай сауапқа қауышады, ораза тұтқан адамның сауабы кемімейді.
Пайғамбарымыз алейһиссалам «Рамазан айында аузы берік адамға су беріп, аузын аштырған адам, анасынан жаңа туғандай күнәсіз болады» деген.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінің имамы Маханбетчин Берик Алпысбайулының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында аз қамтылған бес отбасына ауыз ашар қоржыны таратылды. Атап айтқанда ыстық ас , шай-жем, жемис-жидектер,тәтті бәліш пен балаларға базарлық апарып, ораза айында мерекелік дастарқан жайылып ауыз ашар берілді. Хадис шәрифте былай делінген:
«Амалдардың ең құндысы – бір мұсылманның айыбын жабу, қарнын тойдыру және мұқтаждығын беру арқылы оны қуанту. Алла Тағала баршамыздың игі амалымыздың сауабын еселеп жазғай!
ihsan.kz
Пікірлер