Дін істері және конфессияаралық қатынастар секторының маманы, Қарағанды облыстық"Әнет баба" мешітінің ұстазы Бекболатұлы Махмұтпен бірлесіп, “Вайнах” спорт клубылының жаттықтырушылары мен спортшылары арасында діни профилактикалық кездесу өткізді.
Кездесу барысында зайырлы мемлекеттің мәнін түсіндіруге ерекше назар аударылды. Қоғамның зайырлы сипаты адамдардың наным-сенімдеріне, көзқарастарына және пікірлеріне қарамастан, бірге өмір сүруге мүмкіндік беретіні атап өтілді. Сонымен қатар әлемнің негізгі діндерінің идеясы түсіндіріліп, бұзушы ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастырылды.
Пікірлер