Қарағанды 17:28 Шам
  • 07:26 Таң
  • 08:59 Күн
  • 13:19 Бесін
  • 15:42 Екінті
  • 17:28 Шам
  • 19:01 Құптан
  • Алматы
  • Астана
  • Аягөз
  • Ақтау
  • Ақсай
  • Ақтөбе
  • Арал
  • Арқалық
  • Атбасар
  • Атырау
  • Байқоңыр
  • Балқаш
  • Бейнеу
  • Екібастұз
  • Жаңаөзен
  • Жаңақала
  • Жәнібек
  • Жаңатас
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Жетісай
  • Жәйрем
  • Қазалы
  • Қапшағай
  • Қандыағаш
  • Қарағанды
  • Қаратау
  • Қостанай
  • Көкшетау
  • Құлсары
  • Қызылорда
  • Мақат
  • Миялы
  • Орал
  • Өскемен
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарыағаш
  • Сарыөзек
  • Семей
  • Сәтбаев
  • Степногорск
  • Талдықорған
  • Тараз
  • Түркістан
  • Үшарал
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шалқар
  • Шардара
  • Шымкент
  • Радио
  • Кіру

Биография

Маямеров Ержан Малғажыұлы

1972 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.

1990 жылы Шығыс Қазақстан облысының Мақаншы ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті тәмамдаған;

1991-1992 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, сол жылы Мысырдағы әлем мұсылмандарының әйгілі Әл-Азһар Ислам университетінің шариғат және заң факультетіне оқуға қабылданып, осы оқу орнын 2006 бітірген;

2006-2008 жылдар аралығында Мысыр елі мүфтиятының пәтуа шығару бөлімінде білімін жалғастырды;

2008 жылы Семей қалалық Доланбай ата мешітінің бас имамы қызметін атқарған;

2011 жылы 10 қазанда Ержан Малғажыұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей өңірі бойынша өкіл имамы қызметіне бекіді;

Өкіл имам қызметін 2013 жылға дейін абыроймен атқарды;

2013 жылдың 19 ақпанында Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс өткен VII құрылтайында бірауыздан Бас мүфти лауазымына сайланды;

Әкесі Маямеров Малғажы Мұхамеджанұлы мен анасы Төлекова Жұмағайша Садыққызы  педагог-ұстаз. Физика-математика пәнінің мұғалімі. Олар Мақаншы ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепте қызмет еткен. Әкесі Малғажы Мұхамеджанұлы мұғалімдік қызметтен мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары дәрежесіне дейін көтерілген.  

Бас мүфтидің балалық шағы Мақаншы ауылында өтті. Ол ұстаздар жанұясынан шыққан. Анасы Жұмағайша Садыққызы Алланың қалауымен бес құрсақ көтерген: екі ұл, үш қыз. Бүгінде олар отбасылы.

Ержан Малғажыұлының Алла нәсіп еткен үш ұлы бар. Есімдері – Әли Маямер, Абдолла Маямер, Насрұлла Маямер. Бас мүфти бала тәрбиесіне қатты көңіл бөледі. Оларды қазақы дәстүрге сай имандылық тұрғысынан тәрбиелеуде. Адамгершілікке, ізгілікке, инабаттылыққа баулып, бағып-қағуда.

Ержан Маямеровке діндарлық ата-бабаларынан дарыса керек. Ата-әжесі діндар болған. Кеңес үкіметінің «Құдай жоқ» деп ұрандатқан заманында да намазын тастамай оқыған. Оразаларына да берік болған. Әжесінің тәрбиесін көрген ол дінге жақын болып өсті. Исламның асыл құндылықтарын бала кезінде бойына сіңірді.

Бас мүфти қызметтегі қарбаласқа қарамастан, қолы қалт етсе, бала тәрбиесіне көңіл бөледі, білімін, мінез-құлқын қадағалайды. Уақытын ұрпақ санасына имандылық пен ізгіліктің баға жетпес құндылықтарын сіңіруге арнайды.

Өмірлік ұстанымы – қарапайым, адал болу, өзгелерді мейлінше ренжітпеу, балаға жақсы тәрбие беру, елге адал қызмет ету, ағайын-туысқа, өзге адамдарға жанашырлық таныту, т.б.

Қызметтегі ұстанымы – халықтың сенімінен шығу, Ислам дінін көркейте түсу, мұсылман жамағатының басын біріктіру. 

07 желтоқсан 2016 жыл АЛМАТЫДА МӘУЛІТ КЕШІ ӨТЕДІ
© 2009-2017, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін
© 2016 Разработка и поддержка Creatida Ғаламтор компаниясы
Яндекс.Метрика