«Әл Машани» мешіті 370 студент пен 50 жамағатқа «Ауызашар қоржынын» үлестірілді

«Амалдардың ең құндысы – бір мұсылманның айыбын жабу, қарнын тойдыру және мұқтаждығын беру арқылы оны қуанту» деген хадисте. Рамазан айының әр күніні берекелі іспен жалғастырып жатқан Қарағанды қалалық «Әл машани» мешіті  «Джиу Джитсу» федерациясымен біріге отыра  ҚарМУ-нің 370 студентіне және 50  жамағатқа  берекелі Рамазанның «Ауызашар қоржынын» үлестірілді. «Егер кімде-кім Рамазан айында адал табысымен ауызашар берсе, періштелер Рамазан айының соңына дейін оған дұға жасайды», – деген.
Ас беру өте үлкен сауап болып табылады. Әсіресе аузы берік адамға ас беру – одан да үлкен сауап болады. Ораза тұтқан адамның сауабындай сауапқа қауышады, ораза тұтқан адамның сауабы кемімейді.

Пайғамбарымыз алейһиссалам «Рамазан айында аузы берік адамға су беріп, аузын аштырған адам, анасынан жаңа туғандай күнәсіз болады» деген. Ендеше, Алла Тағала баршамыздың игі істеріміздің сауабын еселеп жазғай!

 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін