ҚАРАҒАНДЫ: 6 702 «АУЫЗАШАР ҚОРЖЫНЫ» және 7 185 ТОННА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тапсырмасымен облыс көлемінде күнделікті «Ауызашар қоржыны  ұйымдастырылып келеді. Берекелі айдың алғашқы он бес күнінде «Зекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен жалпы облыс бойынша бірнеше мекемелер мен отбасыларға қайырымдылық шаралары жасалды. Атап айтқанда Қарағанды облысына қарасты мешіттердің жүзеге асыруымен 4427 адамға ауызашар үлестірілсе, мешіт жанынан ашылған қайырымдылық қорлары арқылы 2275 ауызашар берілді. Үлестірілген ауызашар санының жалпы мөлшері 6 702. Сондай-ақ, облысқа қарасты барлық қала аудан бойынша 7 185 отбасына азық-түлік түлестірілді.

Рахым айының әр күні іске асып жатқан «Ауызашар қоржыны» ЖОО жатақханаларындағы студенттерге, аз қамтылған отбасыларға, медицина қызметкерлеріне, жетімдер үйіне, көп балалы отбасылар мен жалғыз басты аналарға және мүгедек жандарға үлестірілді. Игі шара Рамазан айының соңына дейін жалғаспақ.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін