Нұра ауданында зират маңына тазалық жұмыстары жүргізілді

Бүгін, 30 мамыр күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен еліміздің барлық аумағындағы зират басына тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы кезекте Қарағанды облысыа қарасты Нұра ауданында да игі шара жүзеге асты. Аймақтың дін қызметкерлері мен ерікті жамағаты қорымдарды түрлі қоқыстан тазалады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі

 

© 2009-2022, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін