АБАЙ АУДАНДЫҚ МЕШІТІНДЕ 30 ТҮП ТАЛ ЕГІЛДІ

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын»,- дейтін қазақ ағаш отырғызу ісіне баса мән берген. Жерге шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс. Өйткені, жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы дараққа айналып, жазда сая, қыста қамсау болады. Әрі экологиялық ахуалды жақсартып, қоңыржай климат қалыптастыруға әсерін тигізеді.Қарағанды облысына қарасты Абай ауданының  имамы Аманбол қажы Рымқұлұлының ұйымдастыруымен аймақтағы мешіттің ауласына 30 түп тал егілді.  Игі шара ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай жүзеге асты. Болашақта егілген талдардың он түбі алма болса тағы он түбі алмұрт жемісін беретін болады.  

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша  баспасөз қызметі.

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін